Алматы облысында жауған бұршақ егістікті таптады, сондай-ақ демалушылардың мазасын алды
Бұршақ 13 тамызда Алматы облысының Лепсі ауылында жауған. "Хабар 24" арнасы мәлімдегендей мұзды бұршақтардың көлемі бес сантиметрге жеткен. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жауын-шашын шамамен жарты сағатқа созылған – осы уақыт ішінде тосыннан келген апат жергілікті шаруа қожалықтарына зиянын тигізіп үлгерген. Әсіресе алма, алмұрт, қызанақ пен қияр өнімдері егілген егінжайларға көп залал келген.
"Сирек болатын, алайда жойқындығы жоғары табиғи құбылыс орын алды. Бұрын-соңды болмаған ауқымды бұршақ ауыл тұрғындарының бақтары мен ағаштарында өскен бүкіл өнімдерді жойды. Климат өзгеруде және мұндай қауіпті әрі стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың жиілігі тек өседі деп болжануда", – деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы Зуфар Тоқпаев.
Ауа райының қолайсыздығы Алакөл көлінде де байқалған.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді