AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында вакцина алуға келген ер адам дәрігерді тұншықтырып, ұрып тастады

Алматы облысында ер адам дәрігерді ұрып тастады. Оқиға 21 мамырда Ескелді аудандық ауруханасында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адамның вакцина алуға келгенін атап өтті. Дәрігер түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастаған уақытта науқас ашулы күйде болды. Ол өзін дұрыс ұстамай дәрігерге дөрекі сөйледі.

Медицина қызметкерінің ескертуі бойынша науқас балағат сөздер айтып, дәрігерге шабуыл жасады. Ол дәрігерді ұрып, тұншықтыра бастады, беті мен мойнына бірнеше соққы берді. Оқиға орнына полиция шақырылды. Қазір дәрігер амбулаториялық емдеуде. Миы шайқалып, денесі көгерген. 

"Бұл факт полицияда тіркелді. Қарабұлақ ауылының 31 жастағы тұрғынына қатысты "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деп атап өтті Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр