Алматы облысында сот орындаушы балалардың алиментін жымқырған
Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, жеке сот орындаушы бір жарым жыл бойы балаларға тиесілі алиментті ұрлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Бір жарым айда борышкердің жалақысынан сот орындаушысының арнайы шотына баланы асырауға деп 816 мың теңге аударылған.
“Сот орындаушысы бұл ақшаны әрі қарай баланың анасының шотына аудармаған. Бұл ретте, алимент аударушының адалдығына қарамастан, сот орындаушысы борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға дейінгі барлық шектеу шарасын қабылдады”, – деліген хабарламада.
Сот орындаушысының заңсыз әрекетінің салдарынан әкесі жұмысынан және табыс көзінен, ал баласы өзіне тиесілі алименттен айырылды.
Облыс прокуратурасы жолдаған материалдар бойынша полиция департаменті сот орындаушысына қатысты қылмыстық кодекстің 251-бабы (Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сондай-ақ қабылданған шаралармен борышкердің жүргізуші куәлігі қалпына келтіріліп, ол бұрынғы жұмысына оралды.