Алматы облысында он жастағы бала картингте мерт болды
Алматы облысы Іле ауданында он жастағы бала картинг тебу кезінде мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаменті ұсынған алдын ала мәліметке сүйенсек, жасөспірім картинг кезінде пластмасса блоктарды соғып, тұрақта тұрған ГАЗ-53 көлігіне соғылған.
"Куәгерлер өзге картингпен соқтығысып, инерция салдарынан жол шетіне шығып кеткенін айтады. Екінші картингті әйел басқарған. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", – деді полиция департаментіндегілер.
Құқық қорғаушылар қайғылы оқиғаның мән-жайын тексеріп, куәгерлерден жауап алуда.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған