Алматы облысында оқушы мен мұғалім бір-бірінің жағасынан алған (видео)
Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы мектептердің бірінде мұғалім мен оқушының жанжалдасып жатқан видеосы тарауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
видеодан алынған кадр
Оқиға №6 орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі мен сегізінші сынып оқушысы арасында болған. Жанжалдың себебі белгісіз.
Видеода оқушы қыз мұғалімін балағаттап жатқаны естіледі.
Кейін олар бір-бірін жұлқып, одан сайын жанжалдаса бастайды. Алматы облысы білім басқармасының баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді.
- "Оқушыны тізерлетіп, кешірім сұратқан": Жамбыл облысындағы мектептегі дауға қатысты директор өз нұсқасын айтты
- "Ораза ұстаған оқушылар ұйықтап жатыр": Маңғыстау облыстық білім басқармасы шулы видеоға түсініктеме берді
"Оқиға 11 сәуірде болған. Осы оқиғадан кейін мектепте әдеп жөніндегі кеңес өтті. Оған оқушының анасы да шақырылды. Кеңес барысында тараптар татуласты, бір-біріне талап-арызы жоқ. Мұғалім өз еркімен жұмыстан босатылды. Айта кету керек, ол өтінішінде 2022 жылдың ақпанынан бері денсаулығы нашарлағанын жазған", – деді ведомство өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Талдықорғанда оқушы сабақ кезінде мұғалімді балағаттаған болатын.