Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Куәгер құтқарды". Алматы облысында қызды ұрлады деген күдікпен бес ер адам ұсталды

Алматы облысында полиция қызды ұрлаған 5 ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Туған қарындасының қызын зорлады: БҚО-да ер адам жиендеріне бір жыл бойы зорлық жасап келген

Қыздың ұрланғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде "Не молчи KZ" парақшасында жарияланды. 

Қыз куәгердің арқасында босап шыға алған. Ол қызды мәжбүрлі түрде көлікке отырып жатқанын көрген. Куәгер көліктің артынан еріп, нөмірін, көлік түсін есіне сақтап, полицияға хабарлаған.


Күйеуім "мен жұмыстан келгенде үйде болмаңдаршы" деді: Алып қашудың құрбаны болған қыздың тағдыры


Кейінірек құқық қорғау ведомствосында күдіктілер, 5 адам ұсталғанын атап өтті.

Іздеудегі көлік Еңбекшіқазақ облысындағы Шелек ауылының маңында тоқтатылған. Бес ер адамды полицияға апарған олардың біреуі ескі әдет-ғұрыптарды ұстанғанын және қызды үйлену үшін ұрлап кеткенін мәлімдеді.

Жәбірленуші қыз босатылған. Полицияға арыз жазған, Талғар ауданының 28 жастағы тұрғыны.

Күдіктілерден жауап алу және материал жинау жұмыстары жалғасуда.

Талқылау