Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам бір топ баланы қағып кетті: Тоқаев істі бақылауға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы оқиғаға қатысты тергеуді бақылауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр.

Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі", - деп жазды Facebook парақшасында Берік Уәли.

Еске салсақ, Алматы облысында ер адам мектептен қайтқан төрт баланы қағып кеткен. Балалардың біреуі ешқандай жарақат алған жоқ. Қалғандарының жағдайы ауыр. 

Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасы Еңбекшіқазақ ауданы, Корам ауылында болған.

Полиция тергеуді бастады. Ведомствода УАЗ жүргізушісі, 54 жастағы жергілікті тұрғын мас күйінде болғанын айтты. Ол қазір қамауда.

Кейіннен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният балалардың жағдайы туралы айтты.

Талқылау