Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам баласының көзінше әйелін аяусыз соққыға жыққан (видео)

Әлеуметтік желіде тағы бір зорлық-зомбылық түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Кадрлардан ер адамның әйелін ұрып соққанын және дәл сол жерде баланың жатқанын көруге болады. Видео желіде қызу талқыға тұскен соң оқиғаның Алматы облысында болғаны анықталды. 

“Аталған дерек Қарасай ауданы полиция департаментінде қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында 1979 жылы туған ер азамат анықталды. Қазір жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Барлық қажет тергеу әрекеті жүргізілгеннен кейін қылмыстық іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген хабарламада. 



Аталған бапқа сәйкес күдіктінің кінәсі дәлелденсе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе дәл осы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалуы мүмкін. 

Айта кетейік, бұған дейін желіде күйеуі ұрған тағы бір Салтанат есімді келіншектің видеосы тараған еді.

Талқылау