Алматы облысында ер адам тау өзеніндегі суға ағып кетті
Отбасымен және достарымен Қаскелең өзеніне демалуға барған ер адам абайсызда суға батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Қайғылы жағдай Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең шатқалында болған. 63 жастағы ер адам шомылмақ болып суға кірген. Алайда ол тау өзенінің қатты ағысына төтеп бере алмай, суға батып кетті.
“Болжам бойынша, республикалық жедел-құтқару жасағы ер адамның денесін құлаған жерінен 1 шақырым жерден тауып, өзеннен шығарды. Оның мәйіті полиция қызметкерлеріне тапсырылды”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, қазақстандық азаматтың сапбордтан теңізге құлап, із-түссіз жоғалып кеткені туралы жазған едік. Қазақстандық туристің денесі үш күннен кейін табылды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды