Алматы облысында жаңа босанған әйел мен оның сәбиі мерт болды
Жаркентте босанған әйел мен оның сәбиі қайтыс болды. Ақпаратты Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

24 жастағы Жанар үшінші баласына жүкті болған. Ол күйеуімен бірге төрт жасар қызы мен екі жасар ұлын тәрбиеледі. Жүктіліктің соңғы аптасында ғана жас ананың ас қорыту жүйесінің бұзылғаны анықталды.
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Қазір Жаркент қаласының орталық аймақтық ауруханасында тексеру жүріп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша қосымша хабарлаймыз», - деді министрліктің баспасөз қызметі.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған