Алматы облысында бір жасар баланы микроавтобус қағып кетті
Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында бір жасар баланы микроавтобус қағып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Микроавтобусты балаларды балабақшаларға тасымалдаумен айналысатын 69 жастағы ер адам басқарған. Үлкен ұлын балабақшаға әкелген бүлдіршіннің анасы көлікке жақын тұрған. Осы сәтте микроавтобус жүргізушісі баланы байқамай, жүріп кеткен.
“Қазіргі таңда Қарасай ауданының полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиға бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды”, – деді полиция өкілдері.
Оралда балабақша тәрбиешісі балаларды бірнеше ай бойы ұрып келген
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда