Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда балабақша тәрбиешісі балаларды бірнеше ай бойы ұрып келген

Оралда жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі бірнеше ай бойы балаларды аямай ұрып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Балалар тәрбиешінің озбырлығын айтып, шағымданғаннан кейін жекеменшік балабақша қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Олар бірнеше ай бойы тәрбиешіден қорлық көріп келгенін жеткізіпті. Бұл әрекетін жария болмас үшін балабақша қызметкері бүлдіршіндерді қорқытып келген. 

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде берген көрінеді.

Айта кетсек, бұған дейін оқу-ағарту министрлігі мұндай жағдайлардың алдын алу үшін алдағы уақытта балабақшаларда лицензиялау жүргізілетінін мәлімдеген болатын.


Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр