Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әйел жаңа туған екі баласын сатып жіберген

Алматы облысында әйел жаңа туған баласын сатпақ болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, полицейлер бұл туралы әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық істі қарау барысында білген. Құқық қорғау органдары әйелдің баланы үшінші тұлғаға беріп, қамқорлыққа алушылық рәсімдеуге тырысқанын анықтады. 

"Тексеру барысында әйелдің перзентханадан шыққан соң, заңда белгіленген рәсімдерді орындамастан баласын үшінші тұлғаға өз еркімен бергенін анықтады", – деді полиция.

Кейіннен әйелдің бұл алғашқы ісі емес екені белгілі болған. Оның бұрын тағы да перзентханадан шыққаннан кейін жаңа туған баласын бірден бере салғаны анықталды. Әйел баласын Қазақстаннан тыс жерге әкетуге рұқсат беріп, белгісіз әйелге сенімхат жазып берген. 

"Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 135 бабы “кәмелетке толмағандар саудасы” бойынша қылмыстық іс тіркелді", – деді полициядан.


  • Екі сәбиін бірдей сатып жіберген: Алматыда туған баласын саудалағандар жайлы жаңа деректер айтылды

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін мәлімдеді.

Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К. есімді азаматшаны кінәлі деп таныды. Оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда екінші баласының кішкентай болуына байланысты ол 14 жасқа толғанға дейін жаза кейінге қалдырылды.

Талқылау