Алматы облысында автобус 8 автокөлік пен трактормен соғысты
Алматы облысы, жоғарғы Қаскелең трассасында автобус жүргізушінің кесірінен 8 автокөлік пен трактормен соғысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЛиАЗ автобусының 35 жастағы жүргізушісі Алматы - Жандосов автожолында 8 автокөлікпен - Toyota Camry, Nissan Patrol, Toyota Gracia, Kia Rio, Subaru Legacy, Toyota Carina, трактор мен екі Mercedes-Benz-пен соғысқан.
Автобустың тежегіші істен шыққаны анықталды.
"Адам шығыны жоқ. Жарақат алған жүргізушімен бірге автобустың бірнеше жолаушысы Қаскелең қалалық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарланды полициядан. Оқиға орнында патрульді полиция қызметкерлері мен анықтаушылар жұмыс істеуде.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн