Алматы облысында атыс болып, екі адам жарақат алды (видео)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында атыс болып, салдарынан екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атыс жайлы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған, кейін полиция бұл деректі растады. Полицейлердің мәліметінше, орталық ауруханаға 18 және 30 жастағы тұрғындар жеткізілген.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ауданда атыс түнгі уақытта болған.
"Бұл дерек полицияда тіркелді және соталды тергеу жүріп жатыр. Бүгінде полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды", – деді Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған