Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты

"Алматы-Өскемен" тас жолында екі автокөлік соқтығысып, жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

14 ақпанда "Алматы-Өскемен" тас жолында апат болды. Алдын ала мәлімет бойынша, "Nissan Qashai" жүргізушісі рульді басқара алмай, жол жиегінде тұрған "Volvo" ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.

"Жол апатынан жеті адам қаза тапты ("Nissan" жүргізушісі мен төрт жолаушысы, сондай-ақ "Volvo" жүргізушісі мен бір жолаушысы). Қазір қаза тапқандардың жеке басы анықталуда. Оқиға орнында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері,  сондай-ақ Ақсу аудандық ПБ тергеу-жедел тобы жұмыс істеді, - делінген Алматы облысы полициясының хабарламасында.

Аталған факті бойынша "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бабы бойынша тергеу басталды.

Алматы облысының полиция департаменті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Талқылау