Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында алаяқ алты миллион теңгеге зейнеткер мен мүгедектерді екі жыл бойы алдап келген

Алматы облысында әккі алаяқ ұсталды. Ол зейнеткерлер, мүгедектер мен жалғызбасты аналарды 6 миллион теңгеге алдап соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс полициясының мәліменше, барлығы алаяққа қатысты 10 қылмыстық іс тіркелген. Белгілі болғандай, ол азаматтарды 6 млн теңгеге алдап соққан. 

Жәбірленушілер 33 пен 73 жас аралығындағы зейнеткерлер, жалғызбасты аналар, мүгедектер. Барлығы Есік қаласында, Бәйдібек, Көксай, Саймасай, Бәйтерек ауылдарының тұрғындары. 


Балтамен қорқытып, қабырғасын сындырды: Қарағандылық әйел алты жыл бойы бұрынғы күйеуінен зорлық көріп жүр 


“Ұсталған 33 жастағы Есік тұрғынының айтуынша, адамдарды ХҚКО-дан тауып отырған.  Құжаттарын рәсімдеуге келген азаматтарға өзін сапалы маман ретінде таныстырып зейнетақы, мүгедектік, балаларға арналған жәрдемақыларды рәсімдеуге, көбейтіп беруге уәде еткен. Екі жыл ішінде алаяқ азаматтардан 170 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін қаржы алып, өз керегіне жаратып отырған”, – дейді тергеуші Асқар Қызайбаев. 


Телефоныңызды аңдып жүргендерді қалай анықтауға болады: Қазақстандық сарапшы айтып берді 


 

Талқылау