Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балтамен қорқытып, қабырғасын сындырды: Қарағандылық әйел алты жыл бойы бұрынғы күйеуінен зорлық көріп жүр

Қарағандылық әйел алты жыл бойы бұрынғы күйеуінің қыспағынан құтыла алмай жүр. Әйелге ата-анасы да көмектеспек болған. Күйеуі өзін ұрып, зорлаған соң әйел полицияға жүгінген. Алайда полиция жәбірленушінің жағдайына қатысты көмектесе алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп.

“Ең бірінші рет ол мені оливье салатына тұздалған қиярды дұрыс салмағаным үшін ұрды. Маған әрдайым нашар қарым-қатынас танытатын. Кез келген олқылық үшін ұрып-соғатын. Кірді дұрыс жумасам да таяқ жейтінмін”, – дейді қаланың тұрғыны Вероника Баратова.

Верониканың күйеуінің табысы бар, ұлдарын жақсы көреді, ішімдік ішпейді. Бірақ әйел шыдамы 2015 жылы таусылған. Сол жылы ол ажырасуға арыз жазған. Содан соң ерлі-зайыптылар біршама уақыт ауызбірлікте тұрған. Алайда бір күні күйеуі Верониканың әкесін соққыға жығады. Осылайша, күйеуі бір жылға шартты түрде жазаланады. 

“Жазаланған соң, ол пәтерге алдап кіріп, мені зорлайды. Барлығын телефонға түсіріп алады.” Екі аптада бір рет жыныстық қатынасқа түсу үшін кездесіп тұрамыз” дейді. Ол кезде қорыққаннан келісе салдым”, – дейді әйел есіне алып.


Өзін Пайғамбар санаған: Алматы облысында жоғалған жасөспірім қыз белгісіз ер адамның үйінен табылды 


Бұл жағдайдан кейін де әйел полицияға барып шағымданған. 

Бұрынғы күйеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, қорғау нұсқамасы берілді. Бірнеше айдан соң бұрынғы күйеуі оны даладан ұстап алып, көлікке мінгізіп, қаланың сыртына алып шыққан. Балтамен қорқытып, ұрып, қабырғасын сындырған. 

“Ұрып, өртеп жіберемін деп қорқытты. Өмір сүрмейсің деді”, – дейді Вероника.

Вероника қайтып қосылатындарын айтып өтірік айтуға мәжбүр болған. Мешітке барып, өзгеретінін айтып уәде етуің керек деп бұрынғы күйеуіне шарт қойған. Мешітке барып есін жинаған еркек бұрынғы әйелін үйіне апарып тастайды. Содан соң Вероника қайтадан полицияға арыз жазады, ал күйеуін жеті күнге қамалады.

Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров іске қатысты сараптама нәтижелерін тексеру жүргізіліп жатқанын айтады. Полицияда “Денсаулыққа қасақаны  ауырлығы орташа қауіп төндіру”, “Зорлау” баптары бойынша іс қозғалды. Десе де, Вероника мен оның отбасы жағдайға алаңдаулы, себебі бұрынғы күйеуінің жазадан босатылып кететінін ойлап қорқады.

 

Талқылау