Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін Пайғамбар санаған: Алматы облысында жоғалған жасөспірім қыз белгісіз ер адамның үйінен табылды

Алматы облысында бір айға жуық із-түссіз жоғалды деп есептелген кәмелетке толмаған қыз табылды. Қарасай ауданының полиция қызметкерлері жеткіншекті таба алмай жүргенде, ол Талдықорғанда танысының үйінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір қызығы, 17 жастағы қыз өзін Пайғамбар есептейтін ер адаммен бас қосқан. Мұны желіде ақпарат таратқан қолданушының посты айқындайды. Ақпаратта, ер адам қыздың “басын айналдырып алған” деген пікірін алға тартады.

“Ер адам түсініксіз пиғылды. Нені насихаттап жатқанын анықтау қиын. Желіде жастар отырады, бәрі мұны көреді. Әрине, араларында махаббат, романтика бар шығар. Бұл –  екеуінің арасындағы мәселе. Бірақ мұны ашық насихаттау қажет емес”, – дейді желідегі жазба авторы.

Желі қолданушыларының көбі ер адамның есі дұрыс екеніне күмәнмен қараған. Сондықтан мәселеге полиция араласқан.

Полиция қыздың Талдықорғанда екенін ер адамның суреттері арқылы байқаған.



Ал қыздың айтуынша, ол танысының үйінде болған. Өзіне қатысты ешқандай зорлық әрекеттері мен еркінен тыс ұстау жағдайы болмаған. 

“26 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қыз үйіне қайтарылды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Талқылау