ЦентрКредит Банкі банкаралық QR арқылы төлем қабылдау тарифін төмендетті

ЦентрКредит Банкі бизнес үшін банкаралық QR арқылы төлем қабылдау ақысын төмендетті. Кейбір тарифтер мен арнайы қызметтерді таңдаған кәсіпкерлер үшін комиссия 0% болады.
Енді кәсіпкерлер клиенттерден кез келген банктің қосымшасы арқылы төлем қабылдай алады. Ол үшін POS-терминал немесе BCC Pay мобильді қосымшасы жеткілікті. Клиент өз банкінің қосымшасын ашып, QR-кодты сканерлейді де, төлем жасайды.
Яғни кәсіпкерге әр банк үшін бөлек құрылғы қажет емес. Бұл кассадағы жұмысты жеңілдетіп, клиентке қызмет көрсетуді жылдамдатуға мүмкіндік береді
Арнайы әр түрлі саланың бизнес қызметтерін қосқан жағдайда, банкаралық QR арқылы төлем қабылдау комиссиясы 0% болады. Басқа тарифтерде бизнестің жалпы табысына сәйкес комиссия 0,2%-дан басталады.
Ал стандартты тариф бойынша жеке кәсіпкерлер үшін комиссия 1%, ал ЖШС үшін 1,3% болып белгіленген.
Банктің сауда эквайрингі мен банкаралық QR қызметін онлайн қосуға болады. Ол үшін ЦКБ-ның ресми сайтына немесе бизнеске арналған онлайн бөлімшеге өтінім беру қажет. Банк мамандары кәсіпкердің қызмет түріне қарай тиімді тарифті таңдауға көмектеседі.
ҚНРДА 05.08.2026 жылы берген № 1.1.856.145 әмбебап банк лицензиясы.
Серіктестік материал
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді