Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы тұрғындары қасиетті Әлмерек баба кесенесі тасжол астында қала ма деп қауіптеніп отыр

Дұға-тілектер қабыл болатын, қазақ халқы қасиетті жерге балайтын орында абыз баба болған Әлмерек баба жатыр. Алматы облысында киелі үш бастау бар. Көпшілік қасиетті жер тасжол астында қала ма деп қауіптеніп отыр.

Алматы облысы тұрғындары қасиетті Әлмерек баба кесенесі тасжол астында қала ма деп қауіптеніп отыр

Фото: Қазақпарат

Дертіне шипа, жанына демеу іздегендер осы жерден қысы-жазы үзілмейді. Алайда бұл жерден енді үлкен айналма автожолы салынғалы отыр, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ляззат Дайырбекова Алматы облысы Әлмерек баба кесененің үшінші бастау шырақшысы. 

Шырақшы бабаның бастауына дәртүрлі медицинадан үміт үзген адамдар 20 жылдан бері үзілмей келеді дейді. 

Шырақшы Әлмерек бабаның қара шаңырағын 14 жылдан бері күзетіп отырмын дейді. Бұлақтың суымен шомылам деушілерге арнайы кабиналар жасалған. Шипалы бұлақ пен шырақшы тұрып жатқан үйдің заң жүзінде еш құжаты жоқ. Сондықтан киелі бұлақ тасжол астында қала ма деп қорқады. Бұл маңға Үлкен Алматы айналма тасжолы салынбақ.

Алматы облысы тұрғындары қасиетті Әлмерек баба кесенесі тасжол астында қала ма деп қауіптеніп отыр

Ал, автомобиль жолдары комитеті тұрғындардың қорқынышын сейілтті. 

"Үлкен Алматы айналма жолы жобасы шеңберінде Әлмерек баба кесенесінен жол айналып өтеді. Мердігер компания жол құрылысы кезінде кесенеге зиян келмес үшін барлық қауіпсіздік шараларын жасайды", - деді Автомобиль жолдары комитетінің басқарма басшысы Еркебұлан Супалдиров.

Үлкен Алматы тасжолы Батыс пен Қытайды байланыстыратын магистраль тармағы. Ол Алматы облысының Іле, Талғар, Қарасай аудандары арқылы  өтеді. 

Алғашқы жоба бойынша, заң жүзінде еш жерде көрсетілмеген шырақшының үйі мен бұлақ үстіне ол түсуі тиіс болған. Енді магистрлаь киелі жерді айналып өтеді. Ал, құрылысы күзде басталады. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр