Алматы облысының Іле-Балқаш резерватындағы өрт сегіз күннен бері ауыздықталар емес
Алматы облысындағы Іле-Балқаш резерватының аумағында болған өрт ауыздықталар емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өрт 22 маусымда басталған. Бүгін сегізінші тәулікте ғана өрт сөндірушілер жану аумағын өрт сөндірушілер 30 гектарға азайта алды.
Қамыс тереңдігі – 1,5 метр, өртті өшіру үшін суды ағызу құрылғысы жалғастыруда. Осыған байланысты "Н-125 Казавиалесохрана" әуетехникасы қолданылады.
Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің өтуін болдырмау үшін орман шаруашылығы күштерімен жер жырту жұмыстары жүргізілуде.
"Елді мекендерге қауіп жоқ", – деп мәлімдеді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Өртті сөндіруге Алматы облыстық ТЖД және "Іле-Балқаш "МЖӘ" РММ, орман шаруашылығының 80 адамы мен 22 техникасы жұмылдырылды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген