Алматы-Минск бағытындағы рейстер тоқтатылды
Air Astana 31 мамырдан бастап Алматы-Минск бағытында ұшыру жоспарланған рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Компания 31 мамырдан бастап Алматы-Минск бағытында ұшыру жоспарланған рейстерді тоқтатты. 20 мамыр күні жолаушыларға рейстің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберілді", - деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Ryanair авиакомпаниясы кеше Афинадан Вильнюске тұрақты рейс жасау кезінде, Минскіге қонды. Беларусь билігі ұшақ қонбаса, оны миналауға дайын екенін жеткізген. Бомба туралы ақпарат кейіннен расталмады.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр