Беларусьте балалар порнографиясын түсірген студияның иесі ұсталды: адам шошырлықтай мәліметтер жарияланды

Беларусь астанасы Минскте балалар порнографиясымен айналысқан студия анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Беларусь басылымына сілтеп.

АҚШ-тың арнайы қызметінің сұрауымен Беларусь ішкі істер министрлігі балалар порносын өндіріп, оны таратқандар ұсталды. Тергеушілердің қолына түскен видеоматериалдардан Беларусьтен сегіз кәмілетке толмаған балалар анықталды.

Артынша видео авторлары да ұсталды. Ол Беларусьте тұратын шетел азаматы болып шыққан. 37 жастағы ер азамат балалар порнографиясын түсіріп, одан бөлек кәсіби балалар фотографы болған. 

Күдікті 2017 жылдан бері бұл іспен шұғалданып жүргенін айтады. Осы уақыт аралығында Могилев пен Минсктегі бес әйелмен байланыс орнатқан. Олар ер азаматқа видеоға баласын түсіруге келіскен ата-аналарды тауып беріп отырған. 

Видеоға түскені үшін балаларға 1500-10000 теңге аралығында ақы төлеген. Құзырлы орган қызметкерлері видеолардың АҚШ, Аустралия және Ұлыбритания тұрғындарына жіберіліп отырғанын анықтаған. Ал ақшасын әр түрлі халықаралық төлеу жүйелері, оның ішінде даркнетпен де төлеген. 

"Қылмыстық топ 2017 жылдан бері 137 000 рубль (23 млрд теңге) көлемінде табыс түсірген. Топтың құрамында ер азаматтан бөлек 4 әйел болған. Олардың әрқайсысы 5 млн теңгеге дейін ақша алып отырған", – дейді Беларусь тергеу комитетінің ерекше маңызды істер бойынша тергеуішісі Александр Кузубский.

Қолда бар ақпарат бойынша, балаларын видеоға түсіруге аналарының өзі көндірген. Тергеушілер аналардың өздері балаларын видеоға түсуге үгіттеп, киімдерін шешуге көмектескен. Оның ақысына оларға телефон не киім алып берген. 

ІІМ мәліметінше, кішкентай қыздарға түрлі образдар ойлап тапқан. Оқушы да, ертегі кейіпкерін де жасаған. Ал олардың аналары мән-жайдың бәрін білген, бұған қоса түсірілім барысын қадағалаған. Видеоларды сатып алуға ниеттенген шетелдіктерді мұқият зерттеген. 

Қазіргі уақытта зардап шеккен бүлдіршіндер әкелеріне табысталды. Ал біреуі отбасынан ажыратылып, уақытша балалар үйіне орналастырылды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр