Лукашенко: Беларусьтағы жағдай Қазақстан үшін үлкен сабақ

Александр Лукашенко Беларусь еліндегі оқиғалар посткеңестік кеңістіктегі басқа елдер үшін маңызды сабақ болуы керек деп мәлімдеді. Сондай-ақ Қазақстанды "босаңсымауға" шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Лукашенко 13 қарашада Беларусь және шетелдік саяси шолушыларына сұхбат берді. Кездесу барысында ол әлемнің әртүрлі аймақтарындағы оқиғаларды шолып өтті.

"Адамдардың түпсанасын басқарауға болатынын мамандар дәлелдеген. Мұның бәрі американдық мамандардың жасап шығарған жұмыстары негізінде болуы мүмкін. Мен Америкадағы сайлау науқанын және сайлаудан кейінгі оқиғаларды көріп, Ресей президентімен сөйлескен кезде: "Міне, іс бойынша" деп тіке айттым, - деді Беларусь президенті.



Оның айтуынша, АҚШ "барлық жерде және әрқашан президенттік сайлауға араласқан".

"Айтатын несі бар! Қазақстанда мұны бірнеше рет бастан өткергенсіздер, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған жоқ. Онда әр түрлі бандалар оңтүстікте де, шығыста да соғысқан. Әлі де болып жатыр. Сондықтан ешқашан "босаңсуға" болмайды. Беларусь - сіздер үшін өте үлкен сабақ. Себебі Қазақстан мен Ресей Беларусь емес. Үлкен елдер. Егер алдын ала қамданбаса бұл "жараны" жеңу қиын болады... Егер біз 2024 жылға дейін уға қарсы ем таппасақ, біз ішкен уды сіздер де ішіп кетесіздер", - дейді Лукашенко.

Лукашенконың айтуынша, Беларусь еліндегі наразылықтарға ешқандай себеп болған жоқ.

"Иә, кәсіпорындарда, әсіресе мемлекеттік мекемелерде ұяшықтар құрып, жұмыс істедік. Содан кейін олар 3-5 адамнан тұратын ұяшықтар арқылы көтеріле бастады", - деді Лукашенко.

Сол сияқты, олар басқа еңбек ұжымдарына да қиындықтар әкелді, деді ол.

"Бізге бір нәрсе болды. Бұл тек бастамасы екеніне сенімдімін. Маған сеніңіз, жарты жылдан кейін мені еске алып, мұның тек бастамасы екенін көресіз. Барлық осы оқиғалардың соңында әлемді қайта бөлу тұр", - деп атап өтті ол.

Еске салсақ, Беларусь елінде  9 тамызда өткен президент сайлауында Лукашенко алтыншы рет жеңіске жетті. Бұған оппозиция өкілдері жаппай наразылық акцияларын бастаған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр