"Мені өлтірмейінше, басқа сайлау болмайды". Лукашенко наразылық білдірушілерге жауап берді
Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгін Минск трактор зауыты (МЗКТ) жұмысшыларының алдында сөйлеген сөзінде елде қайта сайлау болмайды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мені қысымның астында бірдеңе жасайды деп ойламаңыздар, ондайды күтпесеңіздер болады. Қайта сайлау болмайды. Себебі МЗКТ, МАЗ, БелАЗ болмайды, біз алты айда бәрін жоямыз", - деді Лукашенко.
Президент билікті көшедегі әрекеттер арқылы емес, конституциялық процесс арқылы қайта бөлуге шақырды.
"Сіздер әділетсіз сайлау жайлы айтудасыздар және оны әділ өткізгілеріңіз келе ме? Мен бұл сұраққа жауап беремін. Біз сайлау өткіздік. Мені өлтірмейінше, басқа сайлау болмайды", - деп қосты мемлекет басшысы.
Лукашенко МЗКТ-дағы ереуілдер туралы хабарламаларды естіп, келді. Жұмысшыларға қолдау білдіруге бірнеше ондаған адам жиналды. Оған басқа кәсіпорындардың өкілдері де келді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген