Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбенің бас мешітінде жасөспірімдерді соққыға жыққан ер адам сот залынан түрмеге жіберілді

Судья және сотталушы
Фото: Stan.kz

Ақтөбедегі “Нұр Ғасыр” мешітінде екі жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан сотталушы Бауыржан Оралов 1,6 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбе соты қоғамда наразылық тудырған іске қатысты шешім шығарды. Сотталушы Рамазан айында мешітке намаз оқуға келген жасөспірмдерді миы шайқалғанша сабап, мұрнын сындырған.

Сот барысында Ораловтың денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіретін қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны дәлелденді.

Айыпталушы қылмыстық кодекстің екі бірдей бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, бас бостантығынан айрылды.

“Сотталушы 20 ақпан күні Ақтөбе қаласында орналасқан Нұр Ғасыр мешітінің шығаберісінде болмашыны себеп қылып кәмелет жасқа толмаған балаға соққы жасаған. Бетінен, әртүрлі жерінен соққы жасаған. Сараптама кезінде бас миының шайқалуы, жабық бас мижарақаты, сол жақ маңдайындағы ісі. Мұрын сүйегінің жабық жарақаты. Сотталушы сотта өз кінәсін мойындады. Жаза тағайындаған кезде Ораловтың көрнеу қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны, ол әрекеттерді қоғамдық орында, яғни мешітте жасағаны ескерілді. Қылмыс жасағанға дейінгі, кейінгі мінез-құлқы ескерілді. Ораловқа жәбірленушілер кешірім бермегені ескерілді”, – деді судья Мираш Уразалина.

Жаза өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесі деп көрсетілді.

Жәбірленушілердің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, Ораловтан моральдық зиян 3 миллион теңге, заңды өкілдің шығынына 200 мың теңге өндіру міндеттелді.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде мешіт қызметкері намаз оқуға келген екі жасөспірімді аяусыз ұрып-соққаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 31 Шілде, 2026 19:27