Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында үш тіс дәрігері 40 мыңнан астам адамның тісін 203 миллион теңгеге емдеген

стомотология
Фото: Pixabay.com

Түркістан облысында стоматологиялық клиникалар медициналық сақтандыру бойынша адамдарды өтірік тіркеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бір клиниканың үш тіс дәрігері 43 000 жалған науқасты тіркеген. Мұны Сұңғат Арынов Threads-парақшасында мәлімдеді. 

Осылайша стоматология балалар мен жүкті әйелдерді қабылдағандай етіп жазып, соған ақша алып отырған.

Түркістан облыстық прокуратурасы бірнеше клиниканы тексеріп, науқастарға қоңырау шалған. Сол кезде бұл құйтырқы әрекет анықталды.

“Екі филиалы бар клиника ресми түрде үш тіс дәрігерін жұмысқа алып, төлем жүйесіне 43 000 жалған науқасты енгізген. Олар жүкті әйелдер мен балаларды емдеген. Шын мәнінде бір дәрігер бір күні әртүрлі клиникаларда ондаған пациентті бір уақытта "қараған". Іс сотқа жолданды”, – деп мәлімдеді облыстық прокуратура.

Шығын 203 миллион теңгеден асты.

Еске салсақ, МӘМС қаржысы төленіп тұрғанына қарамастан, атыраулық хирург 42 науқастан ақша алған еді.

Қырмызы Скендір
Жұма, 31 Шілде, 2026 15:50