Павлодарда "өлгендер" невропатолог, психологқа, ал ерлер гинекологқа қаралған

Фото: Pixabay.com
Павлодар қаласының прокурорлары халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" бюджет қаражаты мен активтерінің жұмсалуына жүргізілген тексеру барысында жалған қызмет көрсету фактілерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайтыс болған адамдар невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да тар бейінді мамандардың қабылдауында, ер адамдар акушер-гинеколог дәрігердің консультацияларында болған. Емдеу қызметтерін қайталау арқылы қосарланған төлем жасау жағдайлары тіркелді.
Сондай-ақ тиісті маман сертификаты рұқсат құжаттары жоқ тұлғалар халыққа медициналық көмек көрсеткен.
Оқыңыз“Қадағалау актілері бойынша заңбұзушылықтарды жою, рұқсат беру құжаттарын алу және кінәлі тұлғаларды заңнамада белгіленген жауаптылыққа тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қабылданған шаралар нәтижесінде 100 миллион теңгеден астам сомаға келтірілген залал өтелді.
Медицина саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру арқылы 62 миллион теңге мемлекеттік қаражатты жымқыру және 41 миллион теңге мемлекетке залал келтіру фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.
Трактористен ұлт сөзін сөйлеген тұлғаға дейін: Мұхтар Шаханов кім және қандай ісімен есте қалды (видео)