Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның екі өңірінде мемлекеттік ауруханалар жеке клиникалармен соттасып жатыр

энергетиктің кесірінен реанимацияға түсті

Фото: Pixabay.com

Қызылорда мен Абай облысында қазір мемлекеттік клиникалардан әртүрлі медициналық қызметтер көрсететін жеке серіктестеріне артық төлемдерді өндіріп алу бойынша сот істері жүргізіліп жатыр. Прокуратураның тексерулері бухгалтерлік есептегі сәйкессіздіктерді анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында екі өңірде сақтандыру төлемдері үшін шу болып жатқанын мәлімдеді. 

Әрбір мемлекеттік медициналық мекеме пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қызмет көрсетеді. Қажет болған жағдайда мемлекеттік клиника стоматологиялық, офтальмологиялық, диагностикалық және тағы басқа белгілі бір медициналық қызметтер үшін қосалқы мердігерлерді тартады.

Серіктестермен келісімшарт жасалады, оның негізінде оларға ақы төленеді. Мысалы мемлекеттік аурухана тістерді емдемейді, сондықтан пациентті жеке стоматологияға жібереді. 

Дегенмен прокуратураның тергеуі жеке медициналық ұйымдардың келісімшартта міндеттелгеннен көп ақша алып жатқанын анықтады. Дәл осы себепті қадағалау органы барлық бас дәрігерге артық төлемдерді өндіріп алу үшін сотқа жүгінуді тапсырды.

“Мемлекеттік клиника 100 науқасты жеке клиникаға жібереді және олардың емін төлейді, бірақ жеке клиника тек 70 науқасты емдеуі керек екені белгілі болды, сондықтан енді қосымша 30 науқас үшін төленген ақшаны қайтаруды сұрайды. Сонымен қатар бірлескен мердігер қанша науқасты жібере алатынын ешкім нақты білмейді”, – деп мәлімдеді Михаил Козачков.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Шиелі ауруханасы прокуратураның өтініші бойынша бірлескен мердігерден ақша өндіріп алуға тырысты. Бірақ талапкердің өкілі тыңдауда жеке мердігерден қанша қызмет ала алатынын нақты білмейтінін ашық айтты. Нәтижесінде сот артық төлем қашан болғанын және қанша екенін түсіндіру үшін прокуратураны шақыруға мәжбүр болды.

Ал Абай облысында барлық шешім мемлекеттік клиникалардың пайдасына қабылданып жатыр. Қызметтер толық көлемде көрсетілді, шағымдар жоқ, және аяқтау туралы актілерге қол қойылды. Тараптар барлық міндеттемесін орындады. Дегенмен сот ақшаны қайтаруды талап етті. 

Ал енді “офтальмохиругия” және “бүйрек” орталығы мекемелері, “Хаким емханасы” және т.б. Семей мемлекеттік және аудандық ауруханаларға қарыз болып қалды.

Қазір Қызылорда облысының соты төрт аудандық аурухананың МЫРЗА-ХАН ЖШС-ға және INVIVO ЖШС-ға қарсы талаптарын қарастырып жатыр. Ал Абайда Семейдегі №2 емхананың “КДЛ Олимп” ЖШС-ға қарсы талаптарын қарастырады.

Алайда мамандар мұндай жайтта расымен дұрыс тарапты соттап жатыр ма деп күдіктенеді. Себебі тапсырыс беруші өз қаражатын бірінші болып бақылауы керек. Сондай-ақ қызметтер көрсетілсе, бірақ ақшаны қайтарып алу талап етілсе, олардың құнын кім төлемек.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 20 Сәуір, 2026 10:14