Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы метросы пойыздарды күту уақытын 3 минутқа дейін қысқартты

Алматы метросында пойыздардың қозғалыс уақыты 3 минут 6 секундқа дейін қысқартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы метрополитеннің мәліметінше, қосымша пойыздардың енгізілуіне байланысты уақытты қысқарту туралы шешім қабылданды. 

"Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін және жолаушылардың көбеюіне байланысты Алматы метрополитеніне қосымша екі электрлі жылжымалы құрам қойылды. Бұл таңертең және кешкі қарбалас уақытта пойыздар арасындағы аралықты 3 минут 6 секундқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді", – делінген хабарламада.



Мекеме мәліметінше, енді бір мезгілде 13 пойыз жүреді. Бұл күту уақытын қысқартып, платформаларда адамдардың аз жиналуына мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың 10 желтоқсанында Алматы метросында көзі нашар көретін 26 жастағы жігіт рельске құлап, көз жұмғаны туралы жазған едік. Кейін Алматы метросындағы уақытша қоршаулар қызу талқыға түсті. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 14 Ақпан, 2025 11:01