Алматы әуежайында автотұрақ тарифі көтерілді
Алматы Халықаралық әуежайы 1 ақпаннан әуежай аумағындағы және жабық тұрақ кешеніндегі автокөлік тұрағының тарифі өзгеретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: m.azh.kz
"Тұрақ аумағында ұзақ уақыт қалған көлік саны күн сайын артып жатқанына байланысты негізгі тұрақ инфрақұрылымына ауырлық түседі. Сондықтан, біз ұзақ және қысқа мерзімді пайдалану үшін оңтүстік автотұрақты ұсынамыз.
Оңтүстік автотұрақ аймағы үшін тариф өзгеріссіз қалады.
“Жаңа тариф 2024 жылдың 1 ақпаннан бастап күшіне енеді", – делінген Халықаралық әуежайдың ресми Instagram парақшасында.
Вокзал маңы аумағы және жабық автотұрақ кешенінің бағасы:
- 15 (он бес) минутқа дейін - тәулігіне екі реттен артық төлемсіз;
- 15 (он бес) минуттан 1 (бір) сағатқа дейін - 500 (бес жүз) теңге;
- 1 (бір) сағаттан 2 (екі) сағатқа дейін - 700 (жеті жүз) теңге;
- 2 (екі) сағаттан 4 (төрт) сағатқа дейін - 1000 (мың) теңге;
- 4 (төрт) сағаттан 6 (алты) сағатқа дейін - 1500 (мың бес жүз) теңге;
- 6 (алты) сағаттан 12 (он екі) сағатқа дейін - 2400 (екі мың төрт жүз) теңге;
- 12 (он екі) сағаттан 24 (жиырма төрт) сағатқа дейін - 3500 (үш мың бес жүз) теңге;
- 24 (жиырма төрт) сағаттан жоғары, одан кейінгі толық және жарты тәулік үшін - 5000 (бес мың) теңге.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”