Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Гокер Косе Алматы халықаралық әуежайының жаңа президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы әуежайы

Әуежай жаңа басшының тәжірибелерін айтып берді.

Гокер Косе 2005 жылы TAV Airports холдингіне кірді.

“Ол азаматтық авиация мен әуежайларды басқару саласында тағылымдамадан өтті. Анкараның жаңа әуежайы Есенбоның операциялық дайындығы және әуежайды ауыстыру  бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты. 2006 жылы ол TAV Airports холдингінің қаржы және стратегия бөліміне шақырылды, онда 10 жылдан астам уақыт көптеген жобаларда жұмыс істеді", – делінген әуежай хабарламасында.

2017 жылы Гокер Косе Groupe ADP-де инвестициялар және қаржылық жоспарлау директоры қызметін атқарды, онда Париждегі Шарль де Голль және Орли әуежайларының инвестициялық жобаларын басқарған. Сондай-ақ Groupe ADP-тің үнді бөлімшесі GMR Airports үшін бизнесті дамыту мәселелерімен жұмыс істеді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гокер Косе Таяу Шығыс техникалық университетін бітірген, сонымен қатар Ыстамбұлдағы Босфор университетінде MBA дәрежесі бар.

Еске салсақ, "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Альп Ер Тоңға Ерсой қызметінен кеткені айтылған еді.

Талқылау