Алматы әуежайының басшысы қызметінен кетеді
"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Альп Ер Тоңға Ерсой қызметінен кетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот
Ресми мәлімдеме бүгін 5 маусымда жарияланбақ.
“Альп Ер Тоңға Ерсой әуежайдың жаңа халықаралық терминалының құрылысы аяқталған соң Алматы халықаралық әуежайының президенті қызметінен кетеді. Ол саладағы мансабын жаңа қызметте жалғастырады. Басшылықтың ауысуы туралы ресми мәлімдеме 5 маусымда жарияланады", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 1 маусымда Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады