"Бекшин кетсін": Алматы әкімдігінің алдында халық наразылыққа шықты (видео)
Алматы әкімдігінің алдында 12 қараша күні қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің өкілдері наразылық шеруін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Наразылық білдірушілер қоғамдық тамақтандыру кестесіндегі уақыт шектеулерінің күшін жою, мониторингтік топтардың тамақтандыру нысандарын бақылау тексерулерін жүргізбеуді талап етті.
Оған қоса, наразылықшылар Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қызметтен кетуін сұраған.
Наразы топ мекемелердің жұмыс уақытын таңдау мүмкіндігін, салық пен коммуналдық жүктемені азайтуды және қоғамдық тамақтандыру өкілдерімен бірге жұмыс тобын құруды жөн санайтындарын жеткізді.
"Бекшин кетсін", "Рестораторлар қылмыскер емес", "Жұмыс уақытын шектемеңіз", - деп жазды наразылыққа шыққандар.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”