Алматы әкімдігі Сағынтаевтың отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді
Алматы әкімінің баспасөз қызметі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуі туралы әлеуметтік желіде тараған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бақытжан Сағынтаев өз жұмыс орнында, жүктелген міндеттерді орындап, Алматының тыныс-тіршілігін ертерек қалпына келтіру мәселелерін шешуде", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, осыған дейін Сағынтаев қалада жағдай ушыққан кезде жұмыс орнында болғанын және өзіне де шабуыл жасалғаны туралы айтқан болатын.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"