Қазақстаннан Үндістанға тұрақты әуе рейстері ашылды
2021 жылғы 16 желтоқсаннан бастап Алматы - Дели - Алматы бағыты бойынша Үндістанға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейстер орындалатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Аптасына үш рет қалыпты жағдайда Үндістанға рейстер ұшырылатын болады.
"Рейстер А320 үлгісіндегі әуе кемесімен сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалатын болады. Рейстер әуе компанияның ресми сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалатынын атап өтеміз", - деп хабарлады министрлік.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"