Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алма-Ата" атауын қайтаратын кез келген шығар": Саясаткер Ермұхамбет Ертісбаев ұсыныс айтты

Елге оралған саясаткер Ермұхамбет Ертісбаев оңтүстік астанаға «Алма-Ата» атауын қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ермұхамет Ертісбаев

Сурет: liter.kz

Бұрынғы елші 2013 жылдан бері шетелде тұрады. Ол Грузияда, кейін Беларусь елінде Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған. Жуырда қызметінен босатылған Ермұхамбет Ертісбаев елдің саяси өміріне қатысты пікір білдірді. 

«Бұл – елдегі үлкен жауапкершілікті талап ететін, маңызды жұмыс аймағы. Ақырында мәйгілік ешнәрсе жоқ», - дейді ол. 

Мұнымен қатар, ол Алматы қаласының әкімі болған Бауыржан Байбекке де қатысты пікір білдірді. 

«Дәл қазір менің таныстарымның барлығы «Алматы өте керемет болды, еңбек демалысын өткізу үшін ешбір шетелге барғымыз келмейді» деп жатыр. Барлық шетелдік те Алматыға тәнті болып отыр. Сағынтаевтың да сүйікті Алматымыздың даму мен қайта өзгеру бағытын жалғастыратынына сенімдімін. Айтпақшы, егер елордамыз Нұр-Сұлтан деп дефис арқылы жазылса, мүмкін, баршамызға сүйікті әрі байырғы Алма-Ата атауын қайтаратын кез келген шығар?» – деп ұсынды Ертісбаев.

Естеріңізге сала кетсек, саясаткер Ермұхамбет Ертісбаевтың президент шешімінің өзі үшін күтпеген жаңалық болғанын айтқаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау