Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермұхамет Ертісбаев: Зейнетке шығуыма 2 ай қалды, қазанға дейін жұмыс істеймін деп ойладым

Саясат ғылымдары докторы, профессор Ермұхамбет Ертісбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі өзі үшін күтпеген жаңалық болғанын жасырмады. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желіде билік пен президентке қатысты жағымсыз сынның жазылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ермұхамет Ертісбаев

Сурет: belta.by

«Иә, Құдай үшін! Бізде, бар болғаны, президенттің ары мен абыройы Ата заңымызбен қорғалатынын ұмытып кеткен. Сіздер оның әлеуметтік-экономикалық саясатын, бағытын, мемлекет болашағының концептуалды моделін сынап, сыртқы және ішкі саясатымен келіспеулеріңізге болады. Әрі қарай балағаттап, жала жауып, бұрмалауға жол жоқ. Қайғылы оқиғалар болған барлық посткеңестік мемлекетте көп нәрсені артта қалдырғаннан кейін жаңа жолдары осылай басталған еді», - деді Ермұхамет Ертісбаев. 

Әрі қарай ол Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды заманға сай қалыптастыруда басты рөл атқарғанына тоқталды. Сондай-ақ, өз үйіңде отырып жөнсіз "түкірмеуге" кеңес берді. Мұнымен қатар, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі өзі үшін күтпеген жаңалық болғанын жасырмады. 

«Жақсы, айтайын: Беларусь еліндегі елші қызметінен босатқаны мен үшін күтпеген жаңалық болды. Зейнетке шағуыма екі ай қалды, қазан айында президент Лукашенко Қазақстанға келгенге дейін жұмыс істейтін шығармын деп ойлап едім. Қазақстанға келуді наурыз айынан бері жоспарлап жүрген болатынмын. Осыны ертерек жүзеге асырған президент Тоқаевқа алғысым шексіз», - деді Ермұхамбет Ертісбаев. 

Естеріңізге сала кетсек, Ермұхамбет Ертісбаевтың Қазақстанның Беларусь еліндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау