"Жүрегім ауырады": Әлия Назарбаева елімізде орын алған жағдайларға қатысты пікір білдірді
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева еліміздегі орын алған соңғы жағдайларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Елімізде болып жатқан қайғылы оқиғаларға жүрегім ауырады. Зардап шеккендер мен қаза болғандарға қайғысы мен өкінішін жеткізуге сөз таппай отырмын. Қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл бәрімізге сабақ болатын тарихымыздағы соңғы оқиға болсын. Адамдардың бейбіт кезеңде көз жұмып жатқаны дұрыс емес", – деп жазды Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол сондай-ақ желідегі оқырмандарына жылы лебіздері үшін алғыс айтты.
"Қазір әкемді моральдық жағынан қолдап жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Әкем елдің әр аймағындағы тұрғындардан көптеген хабарлама алып жатыр. Қазақстанға бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тілеймін", – деп жазды Назарбаева.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған