Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлішер Кәрімов өзін ваннада кімнің суретке түсіргенін айтып берді

Жасы отыздан асса да үйленбеген Әлішер Кәрімов сүйіктісін жолықтырғанын мәлім етті. Әнші ваннада суретке түсірген де әзірге есімі белгісіз ару ұқсайды.

alisher-v-vannoy

Кәрімов ваннада суретке түсіп, оны жариялауда тұрған ештеңе жоқ деп санайды.

«Меніңше еш әбестігі жоқ. Себебі бізде теңіз жағасында су киімімен суретке түсіп, жариялайтын әртістер көп. Оны жұрт қалыпты қабылдайды. Ал менің суретімнен не таптыңыздар? Онда мен шолақ шалбар киіп алғанмын, оның үстіне ештеңе көрініп тұрған жоқ. Иығым мен тізем көрініп қалған шығар, бірақ ер адам үшін ол кешірімді нәрсе», – деді ол 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.

Одан кейін әнші сүйіктісін жолықтырғанын, шуға себеп болған суретті де бойжеткеннің түсіргенін айтып берді.

«Қазір жалғыз емеспін. Сүйіктім бар. Қалғанын уақыты келгенде айтып берейін», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Гүлнұр Оразымбетова: Кім айтты менің жолдасым көрінбейді деп?

Қазақстанның ең сүйкімді волейболшысы 20 жасын атап өтті (фото)

Омбыда ең әдемі қазақ қызын таңдады

Аша мен Арман қыздарының есімін Асылым деп қойды (видео)

Талқылау