Әлихан мен Медина: 2020 жылы дүниеге келген сәбилердің арасындағы ең танымал есімдер аталды
Ұлттық статистикалар бюросы елімізде 2020 жылы ең жиі қойылған есімдерді жариялады. Өткен жылы дүниеге келген сәбилердің арасында Әлихан мен Медина есімдері танымалдылыққа ие болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Келтірілген деректерге сүйенсек, былтыр 4500 ұл бала Әлихан атаныпты. Бір айта кетерлігі, Әлихан есімі алты жылдан бері ең жиі қойылатын ұл балалар есімдерінің көшін бастап тұр. Одан кейінгі орындарға Айсұлтан, Нұрислам, Әмір мен Алдияр есімдері жайғасқан.

Қыздардың арасында Медина есімі танымалдылыққа ие көрінеді. Өткен жылы 5500 нәрестеге осы есім қойылған. Екінші орында Айлин есімі орналасса, алғашқы бестікке Раяна, Айша, Асылым кірген.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді