"Әлі аяқталған жоқ": ДДСҰ коронавирусқа қатысты арқаны кеңге салмауға шақырды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) COVID-19 жағдайына қатысты төтенше комитеті 11 сәуірде өткен отырысында коронавирустық пандемия әлі аяқталмағанын мәлімдеді. Комитет қазір COVID-19-ға қатысты арқаны кеңге салатын уақыт емес деген қорытындыға келді, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өкінішке қарай, пандемия әлі аяқталмады, вирус әлі де белсенді, өлім-жітім көрсеткіші жоғары, вирустың өзі болжауға келмейтін жолмен дамиды. Комитет бірауыздан қауіптілігін естен шығаратын сәт әлі жеткен жоқ деп шешті” – деді ДДСҰ басшысы Дидье Уссен.
Өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс өткен апта пандемия басталғаннан бері COVID-19-дан қайтыс болғандар санының ең төменгі көрсеткіші болғанын айтты.
Сонымен қатар, оның айтуынша, кейбір елдерде ауру өршуінің себебінен ауруханалардың жұмысына салмақ түсіп жатыр.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”