Алғашқы дауыс: 2,5 мыңнан астам алматылық жас сайлауға алғаш рет қатысты
Алматының 2 574 тұрғыны бүгін өмірінде алғаш рет дауыс берді. Олар 18 жасқа толып, сайлау құқығын алғаш рет пайдалану мүмкіндігіне ие болған жастар.
Осыған орай сайлау учаскелерінде естелік сыйлық дайындалған. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орналасқан №258 сайлау учаскесінде жас сайлаушыларға 20 естелік сыйлық әзірленді. №252 учаскеде де алғаш рет дауыс беруге келген бозбала мен бойжеткендерге құттықтау айтылды. Мұндай бастама қаланың барлық ауданында қолдау тауып, сайлаушыларға естелік сыйлық пен тәттілер табысталды. Бұл жастардың өміріндегі маңызды оқиғаға ерекше рең берді.
Алматылық жастар үшін алғаш рет дауыс беру – азаматтық ұстаным білдіруге және елдің қоғамдық өміріне араласуға берілген мүмкіндік. Енді олар қала мен елде болып жатқан өзгерістерді сырттай бақылап қана қоймай, сайлау үдерісіне тікелей қатысушы атанды.
Қалада барлығы 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлаушылар тізіміне 1 млн 355 мыңнан астам адам енгізілген. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді