Алғашқы жеңіліс: Әлем чемпионатында кәсіпқой боксшы екінші айналымға өте алмады
Белградта өтіп жатқан Әлем чемпионатының үшінші күнінде өнер көрсеткен Бек Нұрмағанбек 1/16 финалға өте алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан отандасымыз бразилиялық Кено Мачадодан төрешілердің бірыңғай (5:0) шешімімен жеңіліс тапты.
Жарыстың алғашқы екі күнінде өнер көрсеткен Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін), Нұрқанат Райыс (75 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін) және Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келіге дейін), Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов келесі айналымға жолдама жеңіп алған еді.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов Хасанбой Дусматовты жеңгеннен кейін өзбекстандық порталда төрешілерді сынға алған болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар