Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Чемпионаттың құрбаны болды": Өзбекстанда Сәкен Бибосыновтың жеңісінен кейін төрешілерді сынға алды

Өзбекстандық Olamsport.com порталы Хасанбой Дусматовтың жеңілісінен кейін пікір білдіріп, чемпионат төрешілерін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Olamsport.com сайтына сілтеме жасап.

Дусматов 

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшылар жарыстың бірінші айналымында кездескен болатын. Жекпе-жек нәтижесінде төрешілер шешімімен Сәкен Бибосынов жеңіске жеткен еді.  Алайда жекпе-жектен кейін дау туындаған. 


"Алтын алу үшін келдім": Бибосынов Әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады


"Рио-2016 жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Хасанбой Дусматов Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосыновқа қарсы кездесу өткізді. Отандасымыз, өкінішке орай, төрешілердің түсініксіз шешімінен кейін жеңіліс тапты.

Төрешілер жекпе-жек барысында басымдық танытқан біздің боксшының жеңісін байқамады. Дусматов Әлем чемпионаттың алғашқы құрбанына айналды", - деп жазды өзбекстандық басылым.

Бибосынов келесі жекпе-жегін үндістандық Дипакқа қарсы өткізеді. Жеңген боксшы ¼ финалға жолдама алады. 
 

Талқылау