Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-министрдің сот отырысындағы сөзін жоққа шығарды (фото)

1 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат Нүкенова мен бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның қарым-қатынасы дұрыс болмағанын айтқан еді. Алайда Назым экс-министрдің бұл сөзін жоққа шығарды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол Instagram парақшасында Нүкеновамен хат алмасуын жариялап, екеуінің қарым-қатынасы жақсы болғанын көрсетті.

"Бұл алғашқы және соңғы рет хат арқылы сөйлескен кезіміз болатын", – дейді Назым.

Хат мәтінінде Нүкенова Назымға балаларының өте тәрбиелі екенін жазған.

Фото: nazymkakharman Instagram парақшасынан алынды

Сондай-ақ Назыммен танысып, араласып тұрғысы келетінін айтқан. Өз кезегінде Назым Салтанатпен қуана танысатынын, балалары оны қатты жақсы көретіндерін айтқан. Бұл сөзінің де дәлелі ретінде Назым Қаһарман қызының Салтанатқа жазған хатын көрсеткен. Нүкенованың қазасынан бері жарты жылға жуық уақыт өтсе де  кішкентай қызы Whats'App арқылы Салтанатқа хат жазатынын жеткізген. 



Фото: nazymkakharman Instagram парақшасынан алынды

Сондай-ақ ол адвокаттардың сұрағына жауап берген Бишімбаевтың балалары туралы айта бергеніне ашуланды.

"Қайта-қайта балаларды айта береді. Оның үстіне, мен Салтанатқа хат жазған депті. Бірақ, ол өтірік", - деді Назым Қаһарман.

Фото: nazymkakharman Instagram парақшасынан алынды

Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаев Салтанат Нүкенованың әкесі психикалық дертке шалдыққанын айтып сотта кикілжің шығарғаны туралы жазған едік. 

 

Талқылау