Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желіде Алматы әкімдігіне жасалған шабуыл кезінде түсірілген тың видеолар жарияланды

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыдағы қаңтар оқиғалары кезінде түсірілген видеолармен бөлісуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

әкімдік

Видеолар қала әкімдігі өртелген соң түсірілген. Кадрлардан әскерилердің жабдықтарын киген азаматтардың әкімдік алдында суретке түсіп жүргенін көруге болады. 

Айта кетейік, бұған дейін тәртіпсіздіктер кезінде лаңкестердің полицейлерді шешіндіріп, қорлағаны туралы хабарлаған едік. Жарияланған видеодан тәртіп сақшыларының соққыға жығылғанын көруге болады. 


Алматыдағы тәртіпсіздіктер: Қаладағы орталық музей жанында намаз оқыған радикалдардың видеосы тарады


Тәртіпсіздіктер газ бағасының қымбаттауына  қарсы жаппай наразылықтан басталған. 2 қаңтарда Жаңаөзенде көлік жүргізушілері ұйытылған газды арзандатуды талап еткен. Бұдан кейін басқа қалаларда да митингілер басталған. 

Бірақ 4 қаңтарда бейбіт шерулер жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқан. Наразы топ қала орталығын қиратып, әкімшілік ғимараттарды басып алған.

Талқылау