Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттің бұзылуы осыдан басталады: Саясаттанушы әкімдікке басып кірмек болған тұрғындар жайлы

Еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі жаппай тәртіпсіздіктер туралы саясаттанушы Ғазиз Әбішев пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Егер газдың қымбаттауына байланысты наразылыққа шыққандар қандай да бір әкімдікке баса-көктеп кіретін болса, Қазақстан революциялық анархияның жаңа сатысына бір-ақ көтеріледі. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс білмеймін, алайда мемлекеттің бұзылуы осыдан басталады.

Айтқаныма күмәндансаңыздар, АҚШ-ты алып қараңыздар. Бір жыл бұрын Каптиолийге басып кіргендерге қандай жаза қолданды? Америкалықтар мемлекеттік биліктің әлсіреуінің арты неге алып келетінін түсінеді, олар ақымақ емес”, – дейді саясаттанушы. 

Айта кетсек, әлеуметтік желілерде Қазақстанның әртүрлі қалаларында жаппай тәртіпсіздіктер болып жатқаны түсірілген видео таралуда. 

2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында жүздеген көлік иелері көшеге шыққан болатын. Олар жиындарда 1 қаңтардан бастап литрі екі есе қымбаттаған сұйытылған газдың бағасын төмендетуді талап етті.

Энергетика министрлігі бағаның көтерілуін сұйытылған газды өндірушілердің оны электронды сауда арқылы сатуға көшуімен түсіндірді.

Бірақ халық түсіндірмеге қанағаттанбады, себебі Қазақстанның батыс өңірлеріндегі көлік толығымен дерлік газдандырылған. Көтеріліс салдарынан наразылық акциясы облыстың бірнеше ауылын қамтып, шерулер түннің бір уағына дейін жалғасты.

Талқылау