Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: Қаладағы орталық музей жанында намаз оқыған радикалдардың видеосы тарады

Қаңтардағы тәртіпсіздік күндері Алматының орталығында радикалдардың намаз оқып жатқан сәті түсірілген сыртқы бақылау камераларының бейнежазбалары пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

радикал видео

Көрсетілген орын бойынша, бұл оқиға 5 қаңтар күні сағат 22.10-да "Самал-1" ықшамауданы 44, яғни Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының жанында болып жатқанын түсінуге болады. 

Жазба кадрларынан бет-жүзін жасырып алған екі адамның жерге төселген жайнамазда намаз оқып жатқанын ал жандарында "дубинка" саймандарының жатқанын көруге болады. Сондай-ақ алыста тағы бір адам отыр.



Орталық мемлекеттік мұражай 5 қаңтардағы қайғылы оқиғалардың нағыз ортасында қалды. Қалың халық нөпірінен ашқан курсанттар мен полиция қызметкерлері мұражайға келіп жасырынып, мұнда оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жаралыларды қарақшылардың құрығынан құтқарып қалған. Дәл осы уақытта музей директорының орынбасары Бибігүл Дәндіғараева лаңкестермен келіссөз жүргізіп, олардың назарын жаралылар тығылып жатқан жертөледен басқа жаққа аударып, мұражай жәдігерлерін қиратпауға көндірген.

Орталық мемлекеттік мұражай қызметкерлерін мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев марапаттады. Ол өз өмірлерін қатерге тігіп, ұлттық мәдени-рухани мұраны қорғауға деген адалдығы, батылдығы мен дайындығы үшін музей қызметкерлеріне алғысын білдірді, сондай-ақ әскери оқу орындары курсанттарын құтқарып қалғандары үшін арнайы рахмет айтты.
Марапаттау рәсімінде Бибігүл Дандығараева өзінің тек азаматтық және кәсіби борышын өтегенін айтты.

Талқылау